Әлем көшбасшылары онлайн климат саммитіне қатысады

0
257

Бейсенбіде АҚШ президенті Джо Байденнің бастамасымен өтетін климаттың өзгеруі жөніндегі онлайн жаһандық саммитте әлемнің жиырмадан астам көшбасшысы сөз сөйлейді.

Спикерлер қатарында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Қытай басшысы Си Цзиньпин, Ресей президенті Владимир Путин, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Эммануэль Макрон бар.

Қытай СІМ өкілі Хуа Чуньин Си Цзиньпиннің “маңызды сөз сөйлейтінін” айтқан.

Қытай басшысының көзқарасы климаттың өзгеруін бақылау жөніндегі жаһандық күш-жігердің болашағына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Өйткені қытай парникті газдардың ең үлкен көзі болып қала береді. Ол әлемдік қалдықтарының 28 пайызын құрайды. Бұл екінші орында тұрған АҚШ көрсеткішінен екі есе көп.

Си Цзиньпин Байден екі күндік саммитке шақырған 40 әлем көшбасшыларының қатарына кірді.

Өткен аптада Байденнің климаттың өзгеруі жөніндегі арнайы өкілі Джон Керри  Шанхайда қытайлық әріптесі Се Чженьхуамен келіссөз жүргізгеннен кейін бірнеше күн өткен соң Си Цзиньпин саммитте сөз сөйлеуге келіскен.

Жаһандық климат саммиті Байденнің бұрынғы президент Дональд Трамптың бұл мәселеге немқұрайлы қарауынан кейін АҚШ-тың көшбасшылық позициясын қалпына келтіруге бағытталған күш-жігерінің бір бөлігі деп айтылады.

2015 жылы бұрынғы президент АҚШ-ты 2015 жылғы Париж келісімінен шығарды. Ол көміртегі қалдықтарына шектеу қойды. Ал Байден келісімге президент қызметіне кіріскеннен кейін бірден қосылды.

Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбідегі жолдауында Ресейдегі парникті газ қалдықтарының көлемі 30 жылдан кейін ЕО-ға қарағанда төмен болуын мақсат етіп отырғанын айтты. Ол сондай-ақ өнеркәсіпті ластаушыларға салынатын айыппұлды ұлғайту жоспары туралы айтты.

Путин өткен жылы Красноярск өңірінде және Иркутск облысында улы заттардың жаппай төгілуі туралы еске салып,” табиғат арқылы пайда тапсаң – артыңды жинап жүр”, – деді.

Мемлекеттік департамент өкілі Нед Прайс Ресейдің саммитке қатысуын құптады.

Бразилия президенті Джейр Болсонару АҚШ-тан Амазонияның тропикалық ормандарын 40 пайызға қысқартудың орнына 1 миллиард доллар экономикалық көмек сұрайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз