2022 жылдың 15 қарашасында әлемдегі адам саны 8 миллиардтан асты, адамзат дамуының маңызды кезеңі басталады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпарат пен БҰҰ Жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Егер әлемдегі адам санының 7 миллиардтан 8 миллиардқа жетуіне 12 жыл қажет болса, 9 млрд адам болуы үшін 15 жыл керек. Яғни, Жер шарындағы адам саны тағы 1 млрд-қа артуы 2037 жылы тіркелмек. Бұл жалпы әлемдегі адам санының өсу қарқыны баяулағанын көрсетеді.