CSI форумы: Қазақстан 7 жылда қалай өзгереді?

0
278
Стратегиялық бастамалар форумы. Photo: Ospan Ali

16 қарашада Астанадағы Rixos қонақ үйінде жыл сайынғы Стратегиялық бастамалар форумы өтіп жатыр. 

Негізгі пікірталас алаңында қазақстандық жəне халықаралық спикерлер алдағы жеті жылдағы жаңа Қазақстанға қандай қадамдар мен реформалар қажет екендігі туралы өз ойларын ортаға салды.

Алғашқы сессияда Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов, Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин, Brave Talents негізін қалаушы Алмас Жали, CSI Аға серіктесі Олжас Құдайбергенов қатысты. Диджей, музыка продюсері Imanbek онлайн қосылды.

Тимур Сүлейменов: Көршілер жағы қиындау

Алғашқы сессияда сөз алған президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтың пікірінше, ең маңыздысы – сенім болу керек.

“Болашақтың фундаменті – сенім. Адам бір-біріне жау болмауы керек. Елде сенім төмендей бергенін өткен жылдары байқауға болады. Өзгеріс – мемлекет аппаратынан басталуы керек. Барлығын бірден өзгертіп, не ауыстыра алмайсың. Елімізді бізден басқа ешкім өзгерте алмайды. Мемлекетті басқару үрдісінде біреу келіп, бір нәрсе өзгертеді деп күтудің қажеті жоқ. Әрбір адам өзінен бастау керек, жауапкершілік алудан қорықпаған жөн”, – деді Сүлейменов.

Сүлейменовтың сөзінше, географиялық тұрғыда орналасуымыз ыңғайлы болса да, көршілер жағынан біраз қиындау.

Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов. Photo: Ospan Ali

“Қасымызда екі үлкен держава бар. Олардың өзіндік мықты экономикаларын да атап өту қажет. Сондықтан кейде қиын болуы да мүмкін. Ішкі жағдайларымызды ешбір қиындықсыз шеше аламыз. Ал сыртқы қауіпке дайын болуымыз қажет”, – деді Сүлейменов.

Тимур Турлов: Цифрландыру көп мәселені шешеді

Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турловтың сөзінше, цифрландыру үрдісі көп мәселені шешуге септігін тигізеді.

Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов. Photo: Ospan Ali

“Біз жас және талантты елміз. Басқа елдерге қарағанда жағдаймыз жақсырақ. Мысалы, АҚШ ипотека саласы 100 жыл бұрын қалыптасқан болса, елдегі жасап жатқан жағдай, цифрландыру үрдісі америкалықтарды таңқалдырады. Қазақстанда әлем бойынша ең күшті жағдайлар жасалған. Қазіргі таңда, Қазақстан әлемде мұнайлы ел ғана ретінде танылмай, басқа жағымды жақтарынан да көрініп жүр. Ең бастысы, талантты IT саласының мамандары бар ел ретінде де танылып жүр. Билік дамуға жағдай жасап, бизнесті оңтайлы жүргізуге мүмкіндік бар. Осында 2011 жылдан бастап, мүмкіндіктерді байқап отырмын, сол үшін көштім деп айтуға болады. Басты тренд – сенім артуы керек. Сенімді сақтай білу қажет. Қазақстанда қазіргі таңда таланттарды жинап, ілгері жылжуға мүмкіндік бар”, – деді Турлов. 

Джеймс Робинсон: Қазақстаннан жастар әлеуетіне сүйену үрдісін байқаймын

Әлемде танымал “Why nations fail” кітабының авторы, британдық экономист, саясаттанушы  Джеймс Робинсон стратегиялық бастамалар форумында Қазақстанда жастар әлеуетінің дамуының оң тенденциясын атап өтті.

Джеймс Робинсон. Photo: Ospan Ali

“Мен Қазақстанда жастардың әлеуетіне сүйену үрдісін байқаймын. Шығармашылық жастардан келеді. Инклюзивті институттар осы әлеует пен шығармашылықты дамытудың маңызды құрамдас бөлігі. АҚШ-тың жетістігі – таланттарды жинақтауында. Ал бұл тұрғыда Қазақстан дұрыс бағытта келе жатыр. Сондықтан болашақтың бейнесін көру ел билігіне ғана емес, халыққа да қажет. Бірақ мұның барлығы уақытты қажет етеді”, – деді Робинсон.

Джеймс Робинсонның айтуынша, Қазақстанның жаңа бағытта құрылуына жаңа жобалар мен жас таланттар тікелей әсер ете алады.

Алмас Жали “Warm Kazakh” ұғымын қалай түсіндірді?

Форумда сөз алған продюсер Алмас Жали қазақстандық ерекше концепция жөнінде сөз етті. Оның пікірімен танымал британдық экономист Джеймс Робинсон даа келісті.

Brave Talents компаниясының негізін қалааушы Алмас Жали. Photo: Ospan Ali

“Қазақстан жастарына шығармашылық индустрия деп атайтын “Warm Kazakh” деген ұғым тән. Мұндағы W – батысқа бағытталған, А – азиялық ұлт, Р – ТМД елдерінде байланыс орнатуға көмектесетін орыс тілін білу, М – ислам діні, мұсылманшылық. Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан жастары, мысалы, Орталық Азияның басқа елдеріндегі жастарға қарағанда бәсекеге қабілетті. Ол әртүрлі мәдениеттерге, діндерге және тілдерге бірдей назар аударуды біріктіретіндіктен”, – деді ол.

Олжас Құдайбергенов: Қате болса да жоспардың болуы маңызды 

CSI аға серіктесі және форумның негізгі бастамашысы Олжас Құдайбергенов болашақ Қазақстан бейнесінің үш басты параметріне тоқталды.

“Еліміздің потенциалы жоғары. Форумға келгендердің барлығында өз құндылықтары бар деп айтуға болады. Кез келген кезде жоспар болу керек. Ол қате болса да, болғаны жөн. Елде не сыртта қандай жағдай болса да, болашақтың образы міндетті түрде болуы хақ”, – деді ол.

Олжас Құдайбергенов. Photo: Ospan Ali

Олжас Құдайбергенов 7 жылда 7 құндылықты игеруі маңыздылығы жөнінде, келесілерді атап өтті:

  1. Мемлекеттің бизнеске толық сенім білдіруі
  2. 2. Шебер кәсіпкерлік
  3. 3. Энергияны жақсы жаққа бағыттау
  4. 4. Мемлекет қоғам үшін субъективті емес, объективті болуы керек
  5. 5. Потенциалдықты дұрыс бағытта пайдалана білу
  6. 6. Жастарға дұрыс бағыт-бағдар көрсету
  7. 7. Креативтілікті дамыту
Форум көрермендері. Photo: Ospan Ali
Форум көрермендері. Photo: Ospan Ali
Алғашқы сессияның спикерлері. Photo: Ospan Ali
Abdimanap KENGES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз