Дубай қаласында қыркүйек айында өтуі тиіс INDEX халықаралық жиһаздар мен интерьер көрмесі аясында “Ұйқымен сынау” (Sleep Challenge) деп аталатын жарыс өтеді.
Ерекше жарысқа қатысқысы келетіндерге қойылатын басты талап – көрме өтіп жатқан кезде жұртшылықтың көзінде тез ұйықтап қалу. Жарыс үш сағатқа созылады. Ең алаңсыз әрі ұзақ ұйықтай алған адамға арнайы жүлде тағайындалып отыр. Бұл жарысқа қатысқыңыз келсе, аталмыш іс-шараны ұйымдастырушылардың Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтына қыркүйек айының 2-сі күніне дейін өзіңіздің тәтті ұйқыңыз туралы баяндап хат жолдайсыз.