Әлемде туристерді шектеусіз тек 5 ел қабылдай алады

0
383

Албания, Доминикан Республикасы, Коста – Рика, Солтүстік Македония және Танзания – пандемияға қарамастан туристерді шектеусіз қабылдайтын елдер. Дүниежүзілік туризм ұйымының хабарлауынша қазір әрбір үшінші мемлекет туристер үшін жабық немесе әртүрлі шектеу талаптары арқылы кіргізеді. 

Туризм саласындағы шектеулердің жеңілдегеніне қарамастан, коронавирустың жаңа штамдарының пайда болуы көптеген ел шекараларының жабылуына әкеліп соқты.

Ақпан айының басында әлемдегі 217 елдің 69-ы (32%) турист қабылдамады, тіпті кейбірінің шекарасы 10 ай бойы жабық болды. Тағы 73 елдің шекарасы (34%) ішінара жабық. Елге кіру үшін ПТР тест немесе карантин режимінен өтуді талап ететін 70 мемлекет бар (32%).

Дүниежүзілік туризм ұйымның (UNWTO) деректері бойынша 2020 жылы халықаралық турист сапарларының саны 74% – ға азайды. Пандемия салдарынан мемлекеттердің қабылдаған шектеулеріне байланысты халықаралық туристер ағыны 2019 жылмен салыстырғанда бір миллиард сапарға қысқарған. Дағдарыс туризм саласындағы 100-ден 120 миллионға дейін жұмыс орындарын тығырыққа тіреді

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз