Министр Цой: Көктемде вирус инфекциялары асқынады

0
2,101
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Photo: total.kz
Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой көктемде респираторлық вирус инфекцияларының (риновирус, аденовирус, парагрипп вирус және т.б) асқынатынын айтып халыққа үндеу жасады.
Министр қыркүйек пен қаңтар аралығында елде таралған КВИ вирусын геномдық зерттеу нәтижесі бойынша коронавирустың (“Британдық”, “Оңтүстік Африка”, “Бразилиялық”) жаңа штамы анықталмағанын айтты.
“Халықаралық әуе қатынасы қайта ашылғанын, шетелге шығатын ел азаматтары (еңбек көші-қоны, оқыту, емдеу, туризм), сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден келгендердің қатары көбейгенін ескерген жөн. Яғни, коронавирус инфекциясының жаңа штаммдарын тасымалдау қаупі де артады деген сөз”, – министр.
Америкалық және ресейлік ғалымдардың сөзіне сүйенген Цой коронавирус инфекциясымен ауыратындардың тек 10-15 пайызында тұрақты иммунитет қалыптасқанын жеткізді.
КОВИДКЕ ҚАРСЫ ИММУНИЕТЕТ ТУРАЛЫ
COVID-19 жұқтырған науқастарда иммунитет пациенттің жасына қарай қалыптасады: иммунитет балаларда жақсы дамиды – кәмелетке толмағандар арасында иммунитет шамамен 20% болады. 18-ден асқан адамдарда -14%, 65 жастан асқандарда -11%. 40%-да иммунитет өте әлсіз және инфекция қайталанғанда көмектесе алмайды.
Иммунитеттің сақталу ұзақтығына қатысты ғылыми дәлелденген дерек жоқ, сондықтан Covid-19-дан сауыққан адамдарда ауруды қайта жұқтыру мүмкіндігі күн сайын артып келеді.
Алексей Цойдың сөзінше, айта кету керек, карантинге коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация ғана балама бола алады.
СӘУІРДЕ 65 ЖАСТАН АСҚАНДАРҒА ЕКПЕ САЛУ БАСТАЛАДЫ
Сәуір айынан халықтың осал топтарын (созылмалы аурулары бар адамдар, 65 жастан асқандар және халықтың басқа да топтары) вакцинациялау жоспарланған.
“Халық жаппай КВИ-ге қарсы профилактикалық екпе салдырса, ұжымдық иммунитет қалыптасады және инфекцияның таралуын тоқтатуға мүмкіндік туады”, – дейді министр.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ҰСЫНҒАН САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
– адам көп жиналатын орындарға бармаңыздар;
– ұжымдық іс-шара, мерейтой, корпоративтік жиын жасауға болмайды;
– ағзаңызға суық тигізіп алмауға тырысыңыз;
– өзгелерге қауіп төндірмеу үшін жақындарыңызбен алыстан араласыңыздар, заманауи байланыс құралдарымен хабарласқан дұрыс.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз