Министрлік: Колледждерде оқу мерзімі қысқарады

0
394

Қазақстанда 9-сыныптан кейін колледжге түскен студенттер үшін оқу мерзімі бұрынғыдай үш жарым жыл емес, екі жылға дейін қысқарады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына академиялық дербестік беріледі. Соның аясында бірқатар өзгерістер енгізілмек.

  • Колледждерде оқытылатын білім бағдарламалары жұмыс берушілердің қатысуымен жетілдіріледі, жаңартылады және нарықтағы сұраныс пен талаптарға сәйкес икемделеді.
  • 9-сыныптан кейін колледжге оқуға түскен студенттер үшін оқу мерзімі бұрынғыдай үш жарым жыл емес, екі жылға дейін қысқарады.
  • 11-сыныптан кейін колледжге түскендер үшін оқу мерзімі екі жарым жыл емес, 1,5 жылды құрайтын болады.
  • Колледждердегі білім беру грант көлемі кезең-кезеңімен ұлғаяды.

“Осы жылы “Жас маман” жобасы бойынша 180 колледждің инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жобаның қорытындысы бойынша әрбір өңірде материалдық-техникалық базасы, жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары бар кемінде 7 заманауи колледж жұмысын бастайды”, – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз