Әлеуметтік желідегі сұлулықтың қаупі қандай?

0
109

Сұлулық әлемді құтқарады. Ал әлеуметтік желі қыздарды құтқарады. Иә, әлеуметтік желіде беті тегіс, ерні үлкен қыздарды көріп үйренген көз өмірде көргенде таңқалатын жағдайға да жетті. Сұлулықты беттен іздейтіндер көп пе? Табиғи сұлулық пен желідегі жасанды сұлулықтың айырмашылығы неде? Бұл туралы dw.com жазады.

Қазір сұлулық индустриясы күн санап дамып келеді. Қанша сұлу болса да, табиғат берген сұлулығына көрік қосып айналасына сүйкімді көрінгісі келетіндер көп. Сұлулыққа деген іңкәрлік адамға жаратылыстан берілген ерекше қасиет. Дегенмен, қазіргі таңда сұлулықты әлеуметтік желіден іздейтіндер де бар. Көбі фото-суреттерін өңдесе қазір видео арқылы түрін өзгертуге болады. Нарықта ондай мүмкіндік беретін бағдарламалар саны күн санап өсіп келеді. Мәселен, «Face Tune», «Lightrick» сынды бағдарламаларды 200 миллионнан астам адам жүктеген.  

Бьюти-фильтрді не үшін сынайды?

Тик-ток желісінде тренд болған “Bold Glamour”, мен “Teenage-Look” фильтрі осы жылдың ақпан айында пайда болды. Бұл фильтр сыртқы түрді танымал сұлулық стандарттарына сай етіп көрсетеді. Тик-ток қолданушылары аталған фильтрдан соң, айнадағы шынайы түріне қарай алмайтынын жазған. Психологиялық тұрғыда мұндай маскаларды қолданудың қаупі бар.

Tik-Tok желісінен алынған фото-скрин

Британдық YMCA зерттеуіне сәйкес, жастардың көбі белгілеген сұлулық стандарттарының қысымын сезінеді. Girlguiding британдық жастар ұйымының сауалнамасы бойынша 11 мен 21 жас аралығындағы жасөспірімдер әлеуметтік желіге фото-суреттерін өңдемей қоюға дәл қазір дайын емес екенін көрсетті. «Әлеуметтік желіде қолданатын фильтрлер түрімізді мінсіз көрсетуге үйретеді. Бірақ санамызды құртады»,-дейді неміс ЮТУБ жұлдызы Сильви Карлссон.

Мәселені қалай шешуге болады?

Сұлулыққа әлеуметтік желіде ұмтылатындар психологиялық ауруға шалдыққан. Ол аурудың бірі Snapchat – дисморфофобия. Бұл адамның өзіне сенімсіздік тудырып, күйзелістің бірінші деңгейіне дейін жетеді. Бұл құбылыспен күресу үшін бірнеше мемлекеттер қазірдің өзінде заңнамалық деңгейде реттеу әрекеттерін жасауда. Францияда 300 мың еуроға дейін айыппұл салуды немесе алты айға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заң жобасын шығармақ. Ұлыбританияда заң ойластыру ойда бар. Ал Германия мәселені қозғаған жоқ. «Бұл мәселеге басқа көзқараспен қарауға шақырамын»,-деп Сильви Карлссон петиция жазған.

Әсем де әдемі болып жүру кез келген арудың арманы. Мамандар сұлулықты әлеуметтік желіде емес өмірде қаз-қалпында ұстау үшін теріні күту қажет екенін айтады. Сонымен қатар қазіргі уақытта косметология кемшіліктер мен ақауларды жоюға, ерте қартаюды болдырмауға және жасқа байланысты өзгерістермен күресуге бағытталған көптеген тұрақты күтімді ұсынады. Ал бұндай тыңғылықты күтім мен фильтрлер кері әсерін тигізеді. Мамандардың айтуынша, бұндай күйзелістен алдын ала сақтану үшін әлеуметтік желінің сауаттылығын бала кезден үйрету керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз