Twitter-ден кейін 13 қаңтар күні YouTube видеохостингі Дональд Трамптың жеке парақшасын 7 күнге бұғаттады. Енді Трамптың оқырмандары ескі видеолардың астына да пікір қалдыра алмайды.
8 қаңтар күні Twitter, Трамптың Вашингтондағы наразылықты тоқтатуға шақырған видео хабарламасынан кейін жеке парақшасын бұғаттаған болатын. Микроблогинг қызметі сонымен бірге “зорлық-зомбылық қаупіне” байланысты Трамптың парақшасындағы посттарды тарату функциясын да бұғаттады. Twitter-дің артынан Facebook, Instagram, Snapchat және Twitch әлеуметтік желілері де бұғатталды.
Дональд Трамптың парақшасы бұғатталғаннан кейін, Twitter акциясы 11% төмендеді.