Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 96 жасында қайтыс болды. Бұл жайында Букингем сарайы хабарлады. Елизавета II патшайым таққа 1952 жылы 6 ақпанында, яғни 25 жасында, әкесі VI Георгтың қазасынан кейін отырған еді.
8 қыркүйекте Ұлыбританияда Елизавета II патшайымның ауырып жатқаны, дәрігерлердің оның денсаулығына “алаңдайтыны” хабарланған. Патшайымның балалары мен король отбасының мүшелері бүгін, 8 қыркүйекте Шотландиядағы Балморалдағы сарайға жиналған.
Елизавета II – Ұлыбритания тарихындағы тақта ең көп отырған монарх. Ол 70 жыл Ұлыбритания патшайымы болды.
Елизавета II патшайымның бірнеше айдан бері сырқаттанып жатқаны айтылған еді, сондықтан ол Ұлыбританиядағы бірталай шараларға қатысудан бас тартқан. Мәселен, биыл Елизавета II тақта отырғанына 70 жыл толған мерейтойға толық қатыспады. Ресми шараларға үлкен ұлы принц Чарльз келген. Енді оның принц Чарльз Ұлыбританияның жаңа король болады.