18 шілде де мұсылман қауымы үшін Меккеге қажылық сапар басталды.
Ислам дінінің бес парызының бірі екі жыл қатарынан коронавирус індетіне байланысты шектеулі түрде жүріп жатыр. Биыл бұл іс-шараға тек жергілікті тұрғындар мен Сауд Арабиясында тұратын шетелдік азаматтар ғана қатыса алады.
Осы жылы 60 мың адам ғана қажылық парызын орындай алады. Пандемияға дейін әлемнің түкпір-түкпірінен 2,5 миллионға жуық мұсылман баратын. Саудия билігі маусым айында зияратқа 18-65 жас арасындағы COVID-19-ға қарсы екпені толық алған азаматтарға ғана рұқсат берілетінін жариялаған.