“Славян базары” байқауында қазақстандық әнші бас жүлде иеленді

0
285
"Славян базары" халықаралық өнер фестивалінде бас жүлде иеленген қазақстандық әнші Рухия Байдүкен.

Жексенбі күні Белоруссияның Витебск қаласында өткен “Славян базары” халықаралық өнер фестивалінде қазақстандық әнші Рухия Байдүкен бас жүлде иеленді. Бұл туралы БЕЛТА агенттігі хабарлады.

Байқаудың бас жүлдесін қазақстандық әншіге қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыстады. Өнер жарысының жабылу салтанатында Димаш Құдайберген өнер көрсетті.

Рухия Байдүкен 1998 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ол Қазақ Ұлттық өнер университетінде “Эстрада және вокал” мамандығында оқиды.

Атап өтейік, “Славян базары” байқауы 1992 жылдан бері өткізіліп келеді. 2015 жылы Димаш Құдайберген, ал 2019 жылы – Әділхан Макин Қазақстан атынан қатысып, бас жүлде иеленген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз