Меркель мінген ұшақ төтенше жағдайда Кельнге қонды

0
110
Ангела Меркель, Германия канцлері. Сурет: Reuters

29 қараша күні кешке Германия канцлері Ангела Меркельдің ұшағы  Берлиннен Буэнос-Айреске ұшып бара жатып Кельнге төтенше жағдайда қонды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Меркель Аргентинаға “Үлкен жиырмалық” (G20) елдерінің саммитіне ұшып бара жатқан.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, ұшақ Берлин әуежайынан ұшып шыққаннан бір сағат өткенде техникалық ақау шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болған.

Агенттік ақау шыққан ұшақ 2015 жылы да апатты жағдайда қонғанын хабарлады. Ол кезде Меркель Нью-Делиге кездесуге бара жатқан.

Әлемнің экономикасы қуатты жиырма елі басшыларының саммиті Аргентинада 30 қараша мен 1 желтоқсанда өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз