“Қазақ пен қала” прозалық байқауының жүлдегерлері марапатталды

0
109

30 қараша күні Алматыда алғаш рет ұйымдастырылған “Қазақ пен қала” прозалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауды Қазақстан Жазушылар одағы мен “Жас Алаш” газеті және “Алтын Қалам” қоры бірлесіп ұйымдастырған.

“Жас Алаш” газетінің жазуынша, байқауда бірінші орынды “Лифт” әңгімесін жазған жас прозашы Темірхан Қылышбек алды. Екінші орын “Бейуақта ашылған құпия” хикаятының авторы Жадыра Шамұратоваға берілді. “Көнбіс” әңгімесін жазған Ырысбек Дәбейге үшінші орын тиді. Тағы жеті автор ынталандыру сыйлығына ие болды. Авторларға ақшалай жүлде табысталды.

Азаттық радиосы хабарлағандай, қыркүйек айында басталған байқау қазақ прозасын қолдау, қала прозасын дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Байқауға жүзден астам автордың шығармасы қатысқан.

“Жас Алаш” газетінің бас редакторы, идея авторы Руслан Ерботаның айтуынша, Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері ауылдан келген қазақтар қалаға шоғырланып жатқанымен, қала өмірі жайлы қазақ прозасында көп жазылмаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз