Бұл 29 жастағы жігіттің есімі Динг Динг. Ол науқастығына қарамастан өткен жылы Гарвард университетіне түсті. Динг жетістігінің жалғыз себебі осы күнге дейін қажымай жетілдірген анасының арқасы деп біледі.
Динг Дингтің туабітті сал ауруы диагнозы 1988 жылы ол өмірге келмес бұрын белгілі болады. Хубэй ауданының дәрігерлері анасы Зу Хонгянға баланы алдыртып тастауды ұсынған. Олар туылғаннан кейін сәбидің ақыл-ойы жетілмеген мүгедек болып қалады деп түйген.
Дәл осы уақытта Зуға жұбайының көмегі қажет еді. Осы тұста күйеуі келешекте кемтар бала дүниеге келсе отбасын қаржылық жағдайда тығырыққа тірейді деп қорқып, алдыртып тастауды сұрайды. Дегенмен, Зу теріс пікірлерді қабылдамай сәбиін дүниеге әкеліп аяққа тұрғызуды өзінің өмірлік миссиясы етіп алады. Көп ұзамай күйеуімен ажырасып, баласын қолдау үшін бірден үш жұмысқа орналасады. Мұнымен тоқтамай, қолы қалт етсе таным көкжиегін жаттықтыратын ойындар ойнап, өз дағдыларын жетілдіре түсті.
Ауа-райы қолайсыздығына қарамастан, Дингті үнемі оңалту сессияларына алып баратын. Динг қанша әлсіз болса да анасы ұлын дамытудан, қолдаудан шаршамады.
Мақсат жолында аянбай еңбек еткен ананың еңбегін ұлы бүгінде ақтап шықты. Динг Хубэй провинциясының Цзинчжоу қаласында тұратын анасын сағынатыннын айтады. Ол апасын «рухани тәлімгерім» деп есептейді.
Ағылшын тілінен аударған,
Әбдіманап КЕҢЕС