Теріс ағымдарға жол бермейміз – Бас мүфти

0
95
дереккөзден

“Қандай да бір лаңкестік яки болмаса, теріс діни нанымды жалаулатып жүрген, астарында басқа теріс мақсатты содырлар мен басқа да ағымдарға бізде ешқандай жол берілмейді”, – деп мәлімдеді Бас мүфти Серікбай Қажы Ораз Kazaknews.kz тілшісіне берген сұхбаты барысында.

Қазақстанда қалыптасқан ислами таным-түсініктің барын атап өткен Бас мүфти елде сондай-ақ, қоғамдық институттар, діни бірлестіктер және қалыптасқан діни мектептердің барын атап өтті. “Аталған діни мектептің аясында біз халықпен ел болып, үйлесімді жұмыс жасайтын болсақ, сырттан ешқандай күштің әсері болмайды”, – деді Серікбай Қажы Ораз.

Бас мүфтидің пікірінше, Астанада өтіп жатқан VI әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезіне келген делегаттардың басым көпшілігі “көзқарастар мен ұстанымдарда алшақтық болғанымен, жалаң мүдде адамзат пен тіршілікке кері әсерін тигізбеуі керек деген ұстанымды басшылыққа алатынын” атап өттті. “Яғни дін жекелеген топтың, саяси күштің мүддесіне жұмыс жасамауы қажет”, – дейді Серікбай Қажы Ораз.

Дін мен саясат бейбітшілікті, тұрақтылықты, тыныштықты, адамзат қоғамындағы тіршіліктің баянды әрі тату өмір сүруіндегі мақсаты жолға қойылғанда ғана тізе қоса алады”, -дейді Бас мүфти.


Атап өтерлігі, 10 қазан Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VI съезі басталды. Съездге әлемнің 46 елінен 80-нен астам делегат қатысуда. Съезд өз жұмысын 11 қазанда қорытынды декларация арқылы түйіндейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз