Сеулдің орталық соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы басшысын Пак Кын Хені 24 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қоса экс-президент 16,56 млн доллар айыппұл төлейтін болады.
Пак Кын Хе өткен жылдың наурыз айында сыбайлас жемқорлық, парақорлық, билікті асыра пайдалану және мемлекеттік ақпараттарды жариялады деген айыппен қамауға алынған болатын. Бүгінге дейін Оңтүстік Корея Прокуратурасы экс президентті 30 жылға бас бостандығынан айыруды, сонымен қоса 95 миллион доллар айыппұл төлеуді талап еткен болатын.
Сонымен қоса сыбайлас жемқорлық ісіне қатысты 30 адам жауапқа тартылып бұрынғы президент Пак Кын Хенің құрбысы Цой Сун Силь да 20 жылға бас бостандығынан айрылды.
2016 жылдың қазан айынан бастап сыбайлас жемқорлыққа байланысты Оңтүстік Корея басшысының басы пәлеге қалған болатын.