Еуропа Ratel.kz және Forbes Kazakhstan жайына алаңдаулы

0
76
дереккөзден

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының БАҚ еркіндігі бойынша өкілі Гарлем Дезир Forbes Kazakhstan журналы және Ratel.kz интернет-басылымы журналистерінің тұтқындалуына қатысты мәселеге сыни жағдай деп баға беріп, болған жайтты «қорқыту актісі» деп атады.

«2015 жылы ЕҚЫҰ-ның бұқаралық ақпарат құралдары еркіндігі бойынша өкілі билікке 274 бабтың мүмкін бұзылуы туралы ескертіп, журналистерді жазғандары үшін тұтқындаудың қажеті жоқтығын алға тартты», – деп хабарланады. Sputnik Kazakhstan таратқан ақпарға сәйкес, ұйым өкілі Қазақстан құқық қорғау органдарының күдіктілерге қолданып жатқан шарасын «сәйкессіз» деп атады.


 3 сәуір Алматыда Ratel.kz интернет-басылымы және Forbes Kazakhstan редакцияларына құзырлы органдар тінту жүргізіп, бірнеше журналисті қамауға алып, кейіннен босатты. 4 сәуірде Алматы қалалық соты Ratel.kz ақпараттық сайты мен оның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына тыйым салды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз