Палестина үкіметі отставкаға кетеді

0
86
дереккөзден

Палестина басшысы Махмұд Аббас үкіметтің отставкаға кетуін қабылдап, үкіметке жаңа министрлер кабинеті құрылғанға дейін міндеттерін орындауды тапсырды.

“Палестина президенті өз үкіметінің отставкға кетуін қабылдады және оған жаңа министрлер кабинеті құрылғанға дейін өз міндеттерін орындауды тапсырды”, – деп хабарлайды РИА Новости президент әкімшілігіне сілтеме жасап.

Палестиналық ВАФА агенттігі де үкіметтің отставкасы турасында хабарлады. Бұған дейін агенттік премьер-министр Рами Хамдалла басшылығындағы Палестина үкіметі отставкаға бергенін хабарлаған еді.

Хамдалла Палестина үкіметін 2014 жылдан басқарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз