Жаңа әуекомпаниясы жылына 1 млн жолаушыға дейін тасиды – Қасымбек

0
84
дереккөзден

ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек бюджетті жаңа әуекомпаниясының ұшақтары қашан көкке көтерілетінін айтты.

“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жаңа әуекомпаниясындағы ұшақтар мамыр айынан бастап көкке көтеріледі. Бұл “Air Astana” компаниясымен үлестес болады. “Аэрбас-320″ төрт борты аталған әуекомпаниясында іске қосылады”, – деп мәлімдеді Қасымбек.

Бюджеттік әуекомпаниясының билеттерінің құны министрдің сөзінше “Air Astana” компаниясы билеттерінен екі есе төмен болады.

“Негізгі ерекшелігі – “Air Astana” компаниясынан қарағанда билеттер құны екі есе төмен болады. Әуекомпаниясы іске қосылған алғашқы жылы жыл бойы мамырдан келер мамырға дейін 1 миллион жолаушы тасымалдауы қажет деп жоспарлап отырмыз”, -дейді Қасымбек.

Министр сондай-ақ 4 жыл көлемінде аталған әуекомпаниясының паркі 15 ұшақпен толығатынын, қызмет көрсету сапасы дегенмен өзгеше болатынын алға тартты. “Бюджеті төмен компаниялар белгілі қызметтер түрін көрсетеді, қалғаны қосымша ақы арқылы жүзеге асады”, – дейді министр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз