Қазақстанда тағы бір мереке пайда болды

0
133

Қазақстанда “Су шаруашылығы қызметкерлері күні” атты кәсіби мереке пайда болды. Бұл жайында Әділет” сайтында жарияланды.

«Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабына сәйкес ҚР Үкіметінің қаулысымен мерекелік күндердің тізбе мазмұны 17-2-тармақпен толықтырылсын: Су шаруашылығы қызметкерлері күні – 9 шілде», – делінген құжатта.

Аталған қаулы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енеді.

Су шаруашылығы саласының қызметкерлері Қазақстандағы су ресурстарын есептеу, оны пайдалануды жоспарлау және басқарумен айналысады. Сонымен қатар, қызметкерлер міндетіне су шаруашылығы жүйесін пайдалану, оларды ластану мен сарқылудан қорғау да кіреді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз