Екі ел арасындағы қақтығыс күшейіп барады. Израиль Газа секторын түнімен атқылады және толықтай қоршауға алғанын мәлімдеді. Ал Хамас өз кезегінде шабуылға ұшыраған сайын израильдік тұтқындарды өлтіріп отыратынын жариялады.
Дәл қазір Палестиналықтардың жағдайы қиын. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың айтуынша, Палестина аймағына азық-түлік, жанармай және электр энергиясын жеткізу тоқтатылған. Тоқтаусыз шабуылдардың салдарынан өлім саны да өсіп жатыр.
Аль Джазира, Ирандық қарулы күштерден құралған топ Израильге қарсылық көрсетіп жатқанын жазды. Өйткені, Израильдіктердің шабуылы кезінде Хезболланың бірнеше сарбазы мерт болған.
Сонымен қатар, Шешенстан президенті Рамзан Қадыров та соғысты тоқтатуға шақырып, ал керек болған жағдайда өз әскерлерін бейбіт бітімгер ретінде Палестинаға жіберуге дайын екенін жазды.