Парагвай президенті отставкаға кетті

0
101
дереккөзден

Парагвай президенті Орасио Картес сенатор болу үшін дүйсенбіде ұлттық конгресс басшысының атына отставкаға берді. Бұл туралы Картестің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады РИА Новости. 

Өзінің Twitter парақшасындағы шағын блогында Картес елге қызметін жалғастыру мақсатында сенатқа ойысатынын, осы орайда президент лауазымынан кететінін хабарлады.

Картес 2013 жылдан бері Парагвай президенті лауазымын атқарды. Осы жылдың тамыз айында Картестің биліктен кететіні айқын еді, себебі сәуірде елдің болашақ президенті болып биліктегі оңшыл «Колорадо» партиясының өкілі Марио Абде Бенитес сайланды. Жаңа президент қызметіне осы жылдың 15 тамызында кіріседі.

Картес отставкаға кеткеннен кейін заң бойынша тамызға дейін мемлекет басшысы қызметін вице-президент Алисия Пучета атқарады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз