Үндістан Иранға ядролық келісім бойынша демеу берді

0
77
дереккөзден

Үндістан Иран ядролық бағдарламасы бойынша Бірлескен іс-қимыл жоспары мәмілесіндегі барлық тараптарды АҚШ-тың аталған мәмілені тәрк еткенінен кейін, мәселелерді бейбіт мақсат шешу үшін сындарлы ынтымақтастық жасауға шақырды. Бұл туралы Үндістан СІМ басшысы Сушма Сварадж мәлімдеді.

Дүйсенбіде Сварадж Нью-Делиге бір күндік сапармен келген Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен келіссөздер жүргізді. Үндістан СІМ қос тараптың келіссөздерінде Вашингтонның Бірлескен іс-қимыл жоспарынан шығуы талқыға салынған.


Иран Ислам Республикасы және халықаралық мәмілегер «алтылық» (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия) 2015 жылдың 14 шілдесінде Иран атомының ұзақ мерзімді мәселесін реттеу туралы тарихи келісімге қол жеткізді: Бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды, мәмілеге сәйкес, бұған дейін Иранға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, АҚШ және Еуроодақ тарапынан салынған экономикалық және қаржылық санкциялар алынып тасталады. Есесіне, Иран өзінің атом бағдарламасын халықаралық қатаң бақылауға қоюы міндеттелді. 9 мамырда Трамп АҚШ-тың Иранның ядролық мәмілесін тәрк ететінін мәлімдеді. BBC таратқан ақпарға сәйкес, Трамп АҚШ қаржы министрлігіне жақын арада Тегеранға қатысты санкцияларды қалпына келтіру туралы тапсырма міндеттеген. 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз