Порошенко Путинді украиндық тұтқындарды босатуға шақырды

0
122
Тұтқындағы О. Сенцовты босатуды талап еткен акция/Киев

Украина президенті Петр Порошенко РФ билігін Ресей абақтыларындағы, орыс тарабынан бақылауға алынған украин тұтқындарын босатуға шақырды. Бұл туралы Украина басшысы 21 маусымда РФ басшысы Путинмен телефон арқылы тілдесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Порошенконың баспасөз қызметі.

Телефонмен тілдесу барысында Украина басшысы Мәскеуді Минск келісімшарты аясындағы міндеттерін орындауға шақырды және «норманд» форматындағы жұмысты белсендіруді алға тартты. Путиннің баспасөз хатшысы Песков қос президенттің телефон арқылы тілдескенін растады.

Украина елшілігі РФ Сыртқы істер министрлігіне жүгінді

Бұдан өзге Украинаның Мәскеудегі елшілігі РФ Сыртқы істер министрлігіне адам құқықтары бойынша Жоғары раданың уәкілетті өкілдерінің украиналық тұтқындарға бару сапарын жеңілдету үшін жүгінген. Дипломатиялық өкілдік ресей ведомствасына Олег Сенцов, Станислав Корж, Александр Кольченко және Владимир Балух жазаларын өтеп жатқан пенитенциарлық мекемеге бірінші кезекте барып қайту үшін «кезекті нота» жолдады.

Олег Сенцовқа 2015 жылы лаңкестік айыбы тағылып, қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеу үшін 20 жылға сотталды. Сенцов пен  Кольченко 2014 жылы мамырда Ресей аннексиялаған Қырымда тұтқынға алынды, екі азаматқа Қырым аумағында лаңкестік топ құрмақ болды деген айып тағылды. Кольченко 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Лабытнанги қаласындағы Ямало-Немец автономды округіндегі колонияда жазасын өтеп жатқан Сенцов 14 мамырда украиналық саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, аштық жариялады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз