Путин мен Ердоған Таулы Қарабақтағы жағдайды талқылады

0
250
Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоған.

Кремль сайты Ресей басшысы Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлескенін хабарлады.

Әңгіме барысында Ердоған Ресей тарапының Түркиямен әуе қатынасын қалпына келтіру туралы қабылдаған шешіміне, сондай-ақ ресейлік “Спутник V” вакцинасын жеткізуді бастағанына ризашылығын білдірген.

Президенттер Таулы Қарабақ төңірегіндегі жағдай бойынша пікір алмасқан. Тараптар атысты тоқтату мен әскери операцияларды бақылау жөніндегі бірлескен ресей-түркия орталығының жұмысын оң бағалаған.

“Түркия президенті Ресейдің, Армения мен Әзербайжан басшыларының 9 қараша мен 11 қаңтардағы мәлімдемелерінде бекітілген келісімдердің толық орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі Ресейдің әрекетін қолдайтынын жеткізді. Көшбасшылар бірлескен іс-қимылды жалғастыруға, соның ішінде экономикалық даму мен көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру мүдделері үшін өзара дайын екендіктерін білдірді”, – делінген хабарламада.

Сириядағы жағдайды реттеу мәселелері бойынша Ресей мен Түркия әскери күштерінің Идлиб пен елдің солтүстік-шығысындағы шиеленістің ушығуын болдырмауға, осы аудандарда қалған террористік топтарға қарсы күреске бағытталған бірлескен қызметінің маңыздылығын атап өткен.

Владимир Путин АҚШ президенті Джо Байденмен Женевадағы келіссөздері туралы әсерімен бөлісіпті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз