Путин Трампты билікке «әкелгендерді» АҚШ-қа бермейді

0
60
дереккөзден

2016 жылы АҚШ-та өткен президент сайлауына араласты деп айыпталған өз азаматтарын Ресей АҚШ-қа бермейді, деп мәлімдеді федерация президенті Владимир Путин NBC-ге берген сұхбатында.

«Ешқашан. Ресей ешқашан өз азаматтарын біреуге, соның ішінде АҚШ-қа экстрадицияламайды»,

– деп мәлімдеді президент.

Путиннің айтуынша, айыпталушы Ресей билік өкілдері емес. «Олар не істепті, мен түсінбеймін», – дейді Ресей басшы.

Президент сондай-ақ америкалық әріптестерін «баспасөзге ақпар жариялағанша», тиісті құжаттарды жіберуге шақырды, деп жазады РИА Новости. Путин құжаттарға назар салып, мәселе турасында сөйлесуге дайын екендерін жеткізді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп президент сайлауына Ресейдің араласуы Құрама штаттарда дүмпу мен сілкініс тудырды деп есептейтінін алға тартып, бұл мәлімдемесін Twitter-де жариялаған еді. Ақ үй басшысының айтуынша, Ресейдің мақсаты АҚШ-та қарама-қайшылық пен дүмпу тудыру болса, түрлі комиттердегі тыңғылықты тыңдау, барлау арқылы Мәскеу «өзінің ең асқақ армандарына жетті».

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ әділет министрлігі 2016 жылғы АҚШ-та өткен сайлауға Ресей Федерациясының компаниялары мен 13 азаматы араласты деп айыптаған болатын.

Кремль аталған айыптауларды бірнеше рет жоққа шығарды.

БАҚ-та таралған ақпарға сәйкес, АҚШ президенттігіне экс-үміткер Хиллари Клинтон және Демократиялық партия Трамптың командасына қарсы ішкі саяси күрес жүргізуде. Аталған мүмкін айыптаулардың бастысының  бірі – АҚШ президенті мен оның тараптастарын Ресейдің арнайы жасақтарымен  байланысы бар.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз