Шығыс Ғұтада қаза тапқандар саны артты

0
77
Euronews

Асад әскерімен қоршауға алынған Шығыс Ғұтада 18 ақпаннан бастап әуе өзге де шабуыл салдарынан 600 адам қаза тауып, 2000-ға жуығы жарақат алған. Аталған ақпарды жексенбіде БҰҰ-ның Сириядағы аймақтық өкілі Панос Мумцис хабарлады.

Аймақта қақтығыс күшеюде, салдарынан қаза тапқандар саны артуда, тұрғындар арасында аштықтың өршігіне әрі ауруханалардың шабуылдар әрекетіне шыдас бермей, қирап жатқаны туралы ақпар үздіксіз түсуде деп келтіреді Мумцистің сөзін Reuters. Мумцис Шығыс Ғұтада зорлық-зомбылықтың күшейгенін алға тартып, «азаматтарды ұжыммен жазалау ойға қонбайды» деп мәлімдеді.

Бұған дейін Сирия үкіметі әскері Шығыс Ғұтаның ішіне қарай еніп келе жатқаны хабарланған еді. «Сирия адам құқытарының қорғау бойынша бақылау кеңесінің» (SOHR) таратқан ақпарына сәйкес, Сирия президенті Башар Асад әскері аймақтағы бірнеше ауылды басып алған.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз