2011 жылы Қытайда шығарылған «Тяньгун-1» ғарыш станциясы Тынық мұхитының үстінде атмосфераның тығыз қабатында жанып кетті.
Елдің ғарыш агенттігі салмағы 8 тоннаны құрайтын станцияның бақылаусыз құлауы мүмкін екендігін ескерткен. Бұған дейін ғарыш кемесінің («Тяньгун») ғылыми миссиясы екі жыл бұрын мәресіне жеткен еді. Станцияны жасақтап шығарғаннан кейін Қытай кеңістікке өз ғарыш станциясын шығарған державалар клубының қатарына енді.
Еуропалық ғарыш агенттігінің болжамына сәйкес, станциядан қалған қалдықтар Португалия, Испания, Италия, Грекия, Түркия, сондай-ақ Орталық Азиялық елдер аумағына (Қазақстанды есепке алмағанда) атап айтқанда, Қытай, Жапония, барлық Африка аймағы, Азия елдері, Аустралия, АҚШ, Мексика, Орталық және оңтүстік Америка, Дағыстанның оңтүстік бөлігіне құлауы мүмкін, деп жазады РИА Новости.
Атап өтерлігі, аталған ғарыш станциясы кеңістікке 2011 жылдың 29 қыркүйегінде шығарылып, 6 жыл қатарынан ғарышта болды. Станцияның салмағы – 8,5 тонна, ұзындғы – 10,4 метр, көлемі – 15 текше метр.