Газа секторы: Зорлық-зомбылықтың жаңа кезеңі

0
131

Палестиналық мұсылмандар мен христиан дінін ұстанушылар жұма күні Рамаллахта Газа секторындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алуына байланысты діни шерулер ұйымдастырды.

Газа секторы шекарасында болған діни шерудің соңы қанды қақтығысқа ұласып 600-ге жуық адам жарақаттанып, 17 палестиналық көз жұмды.

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш пен Еуроодақтың сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини қақтығыстан кейін тәуелсіз тергеу жүргізуді талап еткенімен Израиль билігі тергеуге үзілді-кесілді қарсылық танытып отыр.

Қазіргі таңда болған қақтығысқа қатысты Түркия мен Израиль арасында кикілжің туындады. Екі ел билігі бір-бірін айыптауда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз