Ресей мұнай нарығынан жоғалуы мүмкін – Саудия ханзадасы

0
89
дереккөзден

Болашақта бірқатар мұнай өндірушілер соның ішінде Ресей мен Қытай жаһандық мұнай нарығынан “жоғалады”. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне сұхбат берген Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхамед бен Салман мәлімдеді.

Ханзаданың сөзінше, мұнайға деген сұраныс 2030 жылға дейін  1-ден 1,5 пайызға, тіпті одан артық өседі.

“Кейбіреулер мұнайға деген сұраныс 2030 жылдан кейін құлдырайды деп есептейді. Біздің есебімізше, көптеген мұнай өндірушілер нарықтан жоғалып кетеді. Мәселен, Қытай соңғы бес жылда мұнай өндіруде жым-жылас жоқ болмаса, өз өнімін бірден қықсартады. Сондай-ақ, басқа мемлекеттерде мұнай өндіруші елдер ретінде нарықтан шеттеледі. 19 жылдан кейін Ресей 10 миллион баррелі бар мұнайымен нарықтан жоғалып кетпесе, мұнай өндіруі бірден қысқарады”, – деп мәлімдейді Мұхаммед бен Салман.

Ханзаданың айтуынша, Сауд Арабиясының мұнай нарығында жағдайы жақсара түседі, сондықтан, оның пікірінше, Саудия қазіргіден қарағанда бірнеше есе артық мұнай сатуы қажет.


Сауд Арабиясы қара алтынның артық қоры бар дәлелденген елдер тізімінде бар. Корольдік жылына 10 миллион баррель мұнай өндіреді.

Өз кезегінде, Мәскеуде 19 жылдан кейін Ресейдің мұнай өндіру қарқыны бәсеңдейтіні я болмаса, мүлдем тоқтатылатыны туралы  Саудия ханзадасының пікірі түсінбестік тудырды. Федерация Кеңесінің Экономикалық Комитеті басшысының орынбасары Сергей Калашниковтың сөзінше, қазіргі нарыққа ханзаданың болжамы ешқандай да әсер етпейді. “Ресейде қара алтынның қолданылмаған қоры баршылық”,- деп мәлімдеді Калашников.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз