Ресей үкіметі Қырғызстанға қайтарымсыз көмек ретінде 30 миллион доллар береді. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковқа сілтеме беріп “Интерфакс” хабарлады.
Қаржы Қырғызстан мемлекеттік бюджетін қолдау үшін берілмек. 2017 жылы Мәскеу Бішкектің 240 миллион доллар көлеміндегі қарызын кешірген.
2017 жылы 43 ел Ресейден 734 миллион доллар көлемінде қаржылай көмек алған.
Ресейдің Қырғызстанға көмек беретіні туралы Ресей президенті Владимир Путиннің 28 наурыздағы Бішкекке сапары алдында белгілі болды.