Назарбаев Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті

0
93
Нұрсұлтан Назарбаев және Ангела Меркель. Сурет: akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық Канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.  

Әңгіме барысында Германия Канцлері Ангела Меркель Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешімін зор құрметпен қабыл алғанын атап өтті. Ангела Меркель тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, халықаралық аренадағы беделі, сондай-ақ әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесі Елбасының есімімен тікелей байланысты екенін айтты. Германия көшбасшысы достық пен сенімге негізделген Қазақстан-Германия ынтымақтастығының қалыптасуына және нығая түсуіне Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегін ерекше бағалады.

Ангела Меркель Назарбаевқа зор денсаулық, сондай-ақ халықтың игілігі жолындағы алдағы қызметіне табыс тіледі. Тараптар тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз