«Ресейлік еріктілер корпусы»: Белгород облысына қарулы топ шабуыл жасады

0
131
фото: видеодан скриншот

22 мамырда «Ресейлік еріктілер корпусы» (РДК) және “Ресей Бостандығы” легионы аталатын әскерилер, Ресейдің Белгород облысында бірнеше әскери операция жасады, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Арнайы әскери операция басталмас бұрын “РДК” әскерилері әлеуметтік желі арқылы видео үндеу жариялады. Олар видеода Кремлдің диктатурасын тоқтататын уақыт келді дейді.

Қарулы топтың үндеу жасаған видеосынан скриншот

Ал “Ресей Бостандығы” легионы, Белгород облысының халқын қарсылық танытпауға шақырды.

«Шекаралас аймақтардың тұрғындары. Үйіңізде болыңыз, қарсылық көрсетпеңіз және қорықпаңыз: біз сізге жау емеспіз. Бостандығыңыз жақындады»,деп жазды.

Жергілікті БАҚ осы оқиғалардан кейін Белгород облысындағы шекара пунктіне шабуыл жасалғанын жазды. Адам шығыны 10-нан асқан. Ал жергілікті билік шұғыл жиналыс өткізіп, облыс халқын эвакуациялап бастады. Белгород қаласында әуе дабылы естіле бастаған.

«Ресейлік еріктілер корпусы» (РДК) және “Ресей Бостандығы” легионының басып алған жерлері

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, президенттің жағдайдан хабары барын жеткізді.

«Путинге “украиналық диверсанттардың” Белгород облысындағы әрекеті туралы баяндалды», – дейді Песков.

Песков, “украиналық диверсия” – бұл “Украинаның Бахмут тарапындағы жеңілісінен назарды ауыстыру” деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей әскерлерінің диверсанттарды жою үшін жеткілікті күші бар.

Сонымен бірге, Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр Бахмутқа қатысты айтарлықтай өзгерістер жоқ екенін айтты. Оның айтуынша Бахмутта қақтығыстар әлі де жалғасуда. Украин әскерлері қалада “ұшақ” аймағындағы белгілі бір нысандар мен жеке секторды өз бақылауында ұстап тұр.

Белгород облысының губернаторы Гладковтың айтуынша облыста «терроризмге қарсы операция» режимі енгізілген.

Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк, Твиттерде “Украина Ресейдің Белгород облысындағы оқиғаларды қызығушылықпен бақылауда және жағдайды зерттейді, бірақ оған ешқандай қатысы жоқ” деп жазды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз