Ресейліктерге Шенген визасын алу қиындайды

0
176

Еуропа одағының сыртқы істер министрлігі Ресей азаматтарына Шенген визасын жеңіл режимде беру туралы келісімді тоқтату мәселесін келіседі. Виза бұрынғыдан екі есе қымбаттап, 35 еуро орнына 80 еуро болады, өтінішті қрау мерзімі де ұзарады. Бұл жөнінде келіссөзге қатысушыларға сілтей отырып, Financial Times газетіне сілтеме жасап RFE/RL қазақ қызметі жазды.

Еуроодақ сыртқы істер министрлері 30-31 тамызда Прагада бейресми түрде кездеседі. Кездесуде Ресей азаматтарына виза беруді толығымен тоқтату туралы Балтық жағалауы елдерінің ұсынысы талқыланады. Бұл ұсынысқа Батыс Еуропа елдері мен Еурокомиссия қарсы шыққан. Бұл ретте визаны жеңіл режимде беруді тоқтату туралы Чехияның ұсынысы компромис ретінде қарастырылады деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Агенттік ақпаратына қарағанда, министрлердің кездесуінде Германия мен Франция Ресей үкіметімен байланысы жоқ азаматтарға виза беруді жалғастыра беру жөнінде ортақ ұстанымда сөйлейді.

Еуроодақ пен Ресей арасында жеңіл режимде виза беру жөнідегі келісім 2007 жылы жасалған. Келісімнің кей бөлігі биыл ақпан айының соңында тоқтатылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз