Түркістан облысының әкімі ауысты

0
395
Дархан Сатыбалды.

31 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қызметінен босатып оның орнына Дархан Сатыбалдыны тағайындады. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 

Өмірзақ Шөкеев 2019 жылы ақпанда Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған болатын.

48 жастағы Дархан Сатыбалды сенат депутаты болған. 2010-2011 жылдары ҚР ҰҚК департаментінің бастығы болды. 2011-2013 жылдары – премьер-министр кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2013 жылдан бастап екі жыл Шымкент қаласының әкімі, сонымен қатар 2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз