Ресейлік шенеуніктерге Латвияға кіруге тыйым салынды

0
93

Ресейлік бірқатар шенеуніктерге Латвияның Сыртқы істер министрлігі сыбайлас жемқорлыққа және адам құқықтарын бұзуға қатысы бар деген күдікпен ел аумағына кіруге тыйым салды. Бұл туралы Корреспондент.net хабарлайды.

Латвияда жыл басында күшіне енген «Магнитский заңы» нагізінде ресейлік 49 шенеунік қара тізімге ілінген болатын.

Латвия Сыртқы істер министрі «Сейм» (мемлекеттік биліктің жоғарғы органы, кейбір елдердегі сословиелік-өкілетті мекеме) шешімі бойынша сондай-ақ «Иммиграция туралы» Заңға сай мен 49 ресейлік шенеуніктің Латвия Республикасының аумағына кіруге тыйым салдым. Осылайша адам құқықтарының қаншалықты маңызды екенін білдіргім келеді» деп мәлімдеді.

Латвияның қара тізіміне енгізілген 49 ресейлік шенеуніктің ішінде Шешенстан президенті Рамзан Қадыров пен Ресей Федерациясы тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин де бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз