Бұл жолы судьялар шешімінен құралған «драма» болмайды

0
77
дереккөзден

Sport.kz былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің қайда өтетінін жариялады, деп хабарлайды kazaknews.kz.

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBC, WBA, IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Г. Головкин кезекті реваншты бірінші жекпе-жек өткен жерде (Лас-Вегастағы T-Mobile Arena) болатынын айтты.

Геннадий Головкин «Реванш бірінші жекпе-жек өтетін жерде болса, әділ болар еді. Бұл жолы судьяның шешімінен құралған драма болмайды. Бірінші жекпе-жекте барлық белдіктерім өзімде қалып, рингтен чемпион болып шықтым. Екінші жекпе-жекте де жеңісті қолдан бермеймін. Бұл менің рекордтық жекпе-жегім болады, және өзім үшін де, T-Mobile Arena үшін де ұмытылмас түн болады», – дейді.

Еске сала кетейік, «GGG» мен «Канело» арасындағы алғашқы жекпе-жек 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтіп, итжығыспен аяқталған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз