«Зарраб ісінде» қорғаушылар отставкаға кетті

0
84
дереккөзден

АҚШ-та тұтқындалған түрік-ирандық кәсіпкер Реза Заррабтың қорғаушылары Түркиядағы сот ісін жүргізуден бас тартып, отставкаға кетті.

Бұған дейін Нью-Йорктегі Федералды сотта бұрынғы Халық банк басшысы Мехмет Хакан Атилланың ісі қаралып жатқан еді, Атилла Реза Заррабтың ісіне қатысты куәлік берген. Дегенмен, Түркиядағы Заррабтың қорғаушылары істен бас тартатындарын мәлімдеді.

Time Turk таратқан ақпарға сәйкес, Заррабтың әрекеті Түркияда сынға алынды, өз кезегінде Зарраб өзін сынаушыларға қарсы Түркияда сот ісін қорғаушылары арқылы жүргізбек болған. Дегенмен, сот ісі ұзаққа созылмай, шұғыл аяқталды. Сот отырысы барысында Заррабтың қорғаушылары Шейда Йылдырым мен Айтен Йылмаз отставкаға кеткендерін мәлім етті.

Зарраб қорғаушыларының отставкасы ресми түрде расталды.

Еске салсақ, Рыза Зарраб 2013 жылы экономикалық қылмыстарға қатысты Стамбұл полициясы жүргізген «Үлкен пара» жемқорлықпен күрес операциясы барысында тергеуге алынып, ұсталған еді. Заррабтан өзге оның төрт серіктесі күшінде тұрған АҚШ санкцияларын айналып өтіп, Иран үкіметіне ақша аударудың заңсыз схемаларын ұйымдастырғандары үшін айыпталды. Жоғарыда аталған фигурант Хакан Атилла  27 наурызда Нью-Йорк әуежайында ұшқалы тұрған жерінен Федералды Тергеу Бюросы (ағл: FBI) агенті тарапынан АҚШ санкцияларын айналып өтуде Иранға қатысты заңсыз ақша операциясына қатысы бар деген күдікпен тұтқындалды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз