Режеп Ердоған: 2025 жылы Ресей әскері Қарабақтан шығады

0
210
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Photo: Euractiv.com

Түркия президенті Ердоған НАТО мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының саммиті өткен LITEXPO көрме-жәрмеңке орталығында баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатында Режеп Ердоған, журналистердің Қарабақтағы Ресей бітімгерлік әскери күші туралы сұрағына жауап берді.

«Өздеріңіз білетіндей, бұл жерде Ресей 2025 жылға дейін белгіленген жерлерде болады. 2025 жылы Ресей бұл жерлерден келісім бойынша кетеді. Менің ойымша, Ресей бұл келісімге адал болады. Ильхам Әлиев мұны қазірдің өзінде мұқият қадағалап отыр», – деді Ердоған.

Айта кетейік, НАТО мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының саммитінде Ресейдің Украинаға ашқан соғысы жайлы және Украинаны НАТО-ға қабылдау бойынша, онымен қоса Украинаға қару-жарақ бойынша жәрдем беру туралы мәселелер қаралды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз