Мәскеу Дональд Трамптың Иерусалимді Израиль астанасы деп тануына байланысты шешіміне алаңдаушылық білдірді деп хабарлайды РФ СІМ баспасөз қызметі.
Ведомствада бұл шешім Палестина-Израиль қарым-қатынасын қиындатуы мүмкін екендігі айтылды. Ресей барлық тараптарды ұстамдылыққа шақырады – «қауіпті және бақыланбайтын салдарға байланысты әрекеттерден бас тарту керек».
РФ Сыртқы істер министрлігі діндарлардың Иерусалимнің қасиетті орындарына еркін қол жеткізу мәселесіне айрықша назар аудару керек деп санайды.
Атап өтерлігі, АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп танитыны туралы шешімін жариялады және АҚШ елшілігін Тел-Авивадан Иерусалимге көшіру туралы құжатқа қол қойды. Трамптың бұл шешімі әлемдік қауымдастықта наразылыққа ұшырады.
Сабина Сайлаубай