«Асық» ойыны ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасы тізіміне енгізілді

0
96

ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мұраны қорғау  Үкіметаралық комитетінің 12-ші Сессиясы шеңберінде Қазақстанның «Қазақ дәстүрлі асық ойыны» өтінімі адамзаттың материалдық емес мдени мұраның тізіміне енгізілді.
Сессия аясында Материалдық емес құндылықтарға арналған көрме ұсынылды, сондай-ақ асық ойыны көрсетілді.

Асық ойыны адамның ой өрісінің  және дене бітімінің дамуына ықпал етеді, әрі ұлтына қарамастан өскелең ұрпақ өзара арасында жақындасуға жол ашады. Балалық шақ символы ретінде асық ойыны Қазақстан халқының әлеуметтік бірлігін нығайтуда, сондай-ақ бірлік пен өз ерекшелігін дамытуда маңызды рөл атқарады. Халықаралық сарапшылар атап өткендей, балалар бұл мұраны сақтап қалудың негізгі буыны болып табылады.

Номинацияны дайындау жұмысын ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Хатшылығы, материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитеттің сарапшылары, Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі және Мәдениет және спорт министрлігі бірлес атқарды.

Материалдық емес мәдени мұраны қорғау конвенциясын Қазақстан (2011 ж. желтоқсанда) ратификациялағаннан бері материалдық емес мәдени мұраның репрезентативті тізіміне Қазақстаннан 7 номинация енгізілді:  «Домбырамен күй орындау өнері» (2014 ж.), «Қазақ күресі» (2016 ж.), Қырғызстанмен бірлескен номинациялар ретінде «Киіз үй жасау машықтары» (2014 ж.) және «Айтыс/Aйтыш, суырып салма өнері» (2015 ж.), сондай-ақ көп ұлттық өтінімдер ретінде, «Наурыз» (12 ел), «Құс салу» (18 ел) және «Түрік пәтір наны» (5 ел). Соңғы үшеуі 2016 жылы енгізілді.

ЮНЕСКО-ның халықаралық тізіміне қазақ өтінімдерін енгізу Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын халықаралық дәрежеде тарату және оны қорғау үшін жүйелі іс-шараларды дамытуға септігін тигізеді.

Алдағы жылдары Қазақстан ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра репрезентативті тізіміне «қазақтың жылқышыларының  дәстүрлі көктемгі салты» және «Қорқыт-Ата Мұрасы» атты көпұлтты өтінімді енгізуді жоспарлап отыр.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз