Сыртқы істер министрінің орынбасары Бали демократиялық форумына қатысты

0
93

Серпонг, 2017 жылғы 7 желтоқсан – 96 елдің және 7 халықаралық ұйымның делегаттары қатысуымен 10-шы Бали демократиялық форумы өтті. Форумды Индонезияның вице-президенті Юсуф Калла ашты.

Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді басқарды. Форумда сөйлеген сөзінде М. Тілеуберді қатысушыларды елімізде өткізіліп жатқан конституциялық реформалар, Қазақстанның үшінші жаңғыруының негізгі басымдықтары және «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт Жоспары туралы хабардар етті.

Форум аясында отандық дипломат Индонезияның Сыртқы істер министрінің орынбасары, доктор Абдуррахман Мохаммад Фахирмен келіссөздер өткізді. Тараптар саяси, экономикалық және мәдени салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі екі елдің өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз