Сахара шөлінде ауа температурасы күрт төмендеп, қар жауды. Бұл туралы Орталық Азия медиа агенттігі хабарлады.
Бұл көріністерді Instagram-ға фотограф Карим Бучетата жариялады.
Ол Алжирдегі Айн Сефра қаласының жанындағы қарлы шөлді, Сауд Арабиясының солтүстік-батысындағы Табук аймағында қар жауғаннан кейін түйелерді, сондай-ақ температура -3° C дейін төмендеген кезде мұз басқан төбелерде тұрған қойларды суретке түсіріп алған.
The Sun басылымының хабарлауынша, ыстық мезгілде шөлдегі температура +50c дейін көтерілуі мүмкін, бірақ осы айда температура нөлден төмендеген. Сауд Арабиясындағы ең суық ай – қаңтар. Бұл уақытта орташа температура 20,2°- ты көрсетеді. Ал Табук орташа температурасы 4° болатын елдің ең суық аймақтарының бірі.
10 қаңтарда таулы аймақта қарлы дауыл тұрған. Ливан, Сирия және Иранда қар жауған.