Сахарада қар жауды (фото)

0
570

Сахара шөлінде ауа температурасы күрт төмендеп, қар жауды. Бұл туралы Орталық Азия медиа агенттігі хабарлады.

Бұл көріністерді Instagram-ға фотограф Карим Бучетата жариялады.

Ол Алжирдегі Айн Сефра қаласының жанындағы қарлы шөлді, Сауд Арабиясының солтүстік-батысындағы Табук аймағында қар жауғаннан кейін түйелерді, сондай-ақ температура -3° C дейін төмендеген кезде мұз басқан төбелерде тұрған қойларды суретке түсіріп алған.

The Sun басылымының хабарлауынша, ыстық мезгілде шөлдегі температура +50c дейін көтерілуі мүмкін, бірақ осы айда температура нөлден төмендеген. Сауд Арабиясындағы ең суық ай – қаңтар. Бұл уақытта орташа температура 20,2°- ты көрсетеді. Ал Табук орташа температурасы 4° болатын елдің ең суық аймақтарының бірі.

10 қаңтарда таулы аймақта қарлы дауыл тұрған. Ливан, Сирия және Иранда қар жауған.


ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз