Сауд Арабиясы тарихындағы тағы бір маңызды оқиға

0
111

Сауд Арабиясы тарихында тұңғыш рет “нәзік жандының” мемлекеттік телеарнаның жүргізушісі болуы күннің басты оқиғасына айналды.

Виам әл-Дахил (Weam Al Dakheel) есімді тілші әйел “Al Saudiya” арнасының тележүргізушісімен бірге кешкі жаңалықтарды жүргізуден бастады. Шет елдік БАҚ бұл жайтты консервативті корольдіктің жаңа тарихындағы маңызды оқиғаға балауда.

Виам әл-Дахил америкалық университеттің журналистика факультетін тәмамдап, бұған дейін Al-Hayat газетінде, CNBC Arabia, Al Jazeera және Al-Arab арналарында қызмет еткен.


Айта кетейік, қазіргі уақытта Сауд Арабиясында әйелдер құқығын кеңейтуге арналған шаралар көптеп жүргізіліп келеді. Өткен жылдың шілдесінен бастап көлік жүргізуге рұқсат алған саудиялық әйелдер қауымына арнап автоматтандырылған мектептер ашылуда. Бүгінде автоматтандырылған мектептер Сауд Арабиясының 5 қаласында ашылып үлгерді.

Сондай-ақ, Сауд Арабиясы билігі 2018 жылдан бастап әйелдерге мейрамханалар, кинотеатрлар мен спорттық стадиондарға баруға рұқсат етілді.

 

 

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз