Астана әкімдігі елордалықтарды сенбілікке шақырады

0
381

Астана әкімдігі елордалықтарды жалпықалалық сенбілікке шақырады. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша экологиялық шараға 2000-ға жуық кәсіпорындар мен ұйымдардың, 46 жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының, 177 мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелерінің, 58 денсаулық сақтау мекемелері, 146 мемлекеттік мекемелер, ведомстволар мен ұлттық компаниялардың қатысуы, 520-ға жуық бірлік мамандандырылған техникаларды тарту жоспарланған. 

Жалпықалалық сенбілікте 10 994 ағаш отырғызу жоспарланған. Одан басқа, ПИК-тің төрағаларымен үйлерге іргелес тұрған аумақтарды санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды өткізу үшін, екпелерді отырғызу және кіші сәулет нысандарын жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрғындардың қатысуын қамтамасыз етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз