Саудияда мемлекеттік төңкеріс әрекеті

0
119
дереккөзден/Эр-Рияд

Өткен сенбі 21 сәуірде Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта орналасқан  король Салман ибн Әбдул-Әзиз әл Саудтың резиденциясы маңында атыс болып, жарылыс дыбысы естілді, деп хабарлайды Jerusalem Post.

Қақтығыс мемлекеттік төңкерісті көздей ме?

Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнынан бейнежазбалар мен суреттерді жүктеуде.

Нақты атауы жоқ дереккөз таратқан ақпарға сәйкес, атыс мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатында болған. Король эвакуацияланды.

Өз кезегінде басылым ықтимал мемлекеттік төңкеріске қатысты ақпараттың ақиқаттығын растай алмайтындарын мәлімдеді.

Әскери күштердің бастамасы…

Бұдан өзге дереккөздер ықтимал мемлекеттік төңкеріс Сауд Арабиясының әскерінің бастамасымен ұйымдастырылған деп жазады.

Басылым дереккөздерге сілтеме жасай отырып «Төңкерістің басында Корольдіктің Қарулы Күштерінің генерал-лейтенанты Алюкас Непилс тұр. Қақтығыс резиденция аумағында жүріп жатыр. Король әуе күштерінің базасына эвакуацияланды», – деп хабарлайды.

«Мемлекеттік төңкеріс туралы ақпар жалған»

Сауд Арабиясы Королдігінің қауіпсіздік қызметінің өкілі Эр-Риядта ықтимал мемлекеттік төңкеріс туралы хабар – жалған, ғаламторда таралған атыс-шабыс туралы бейнежазба иран провакторларының тарапынан жарияланған, деп мәлімдеді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз