дереккөзден

«Сирия режимі Шығыс Ғұтадағы химиялық шабуыл үшін ауыр құн төлейді», – деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп. Бұл туралы Euronews хабарлайды. 

Сондай-ақ, Дональд Трамп твиттер әлеуметтік желідегі парақшасында Ресей мен Иранның Дамаскіге қолдау көрсетіп жатқанын және Шығыс Ғұтадағы оқиғаларға да жауапты екенін жазды.

Бүгін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Ресей тарапы бастайтын екі шұғыл кездесу өткізіледі. Сарапшылар Ресей тарапы бастайтын кездесудің басты тақырыбы халықаралық бейбітшілікке қауіп төндіру туралы болуы мүмкін деп болжайды. Ал екінші кездесу, Батыс елдерінің талап етуімен Шығыс Ғұтада химиялық қару туралы болмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз