КХДР ядролық қарудан бас тартуға дайын

0
82
дереккөзден

Солтүстік Корея билігі тұңғыш рет Вашингтонға Корей түбегінде ядролық қарусыз аймақ құруды талқылауға дайын екендерін жеткізді. Аталған мәселе Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның мамырда өтуі мүмкін екіжақты кездесуінде талқылануы ғажап емес, деп жазады 8 сәуірде The Wall Street Journal,  The Washington Post сондай-ақ Reuters агенттігі АҚШ әкімшілігінің ресми өкілдеріне сілтеме жасап.

Reuters таратқан ақпарға сәйкес, КХДР тарапынан жасалған мұндай қадам қос мемлекеттің өзара құпия келіссөздерінің нәтижесінде орын алып отыр. Осылайша, көшбасшылардың ықтимал кездесулеріне елеулі кедергі келтірген мәселе оңалғандай болды.

Солтүстік Корея жаһанмен ынтымақтастыққа ұмтылуда

Пхеньян соңғы айларда халықарлалық деңгейдегі өзара қарым-қатынасқа дайын екендерінен хабар беріп келеді. 27 сәуірде КХДР президенті Ким Чен Ын және Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инның қатысуымен саммит өтуі қажет. Аталған кездесу шекаралас Пханмунджом провинциясында өтуі мүмкін.

Жапония тарабы да Солтүстік Кореямен мүмкін екіжақты кездесулер туралы хабарлады, деп жазады Asahi басылымы тікелей дереккөздерге сілтеме жасап. Басылым таратқан ақпарға сәйкес, Ким Чен Ын Жапониямен екіжақты кездесу туралы Корея Еңбек партиясының жоғары шенді шенеуніктеріне мәлімдеген. Жапония мен Солтүстік Корея саммиті маусым айының басында өтуі мүмкін деп жазады басылым.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз